
КЕҢГІР СУ ҚОЙМАСЫ
(80 жыл)
Кеңгір су қоймасы- Жезқазған қаласының солтүстік жағына орналасқан. Құрылысы 1940 ж.басталып, Ұлы Отан соғысы жылдары тоқтатылған. 1946 ж. құрылыс жұмыстары қайтадан басталып, құрылысы 1952 жылы аяқталды. Өнеркәсіпті қала Жезқазғанға тіршілік нәрін беріп отырған Кеңгір су қоймасына биыл 65 жыл толып отыр. 1954 жылдың көктемінде оның арнасы тиісті деңгейге дейін толтырылған күн бүгінде тарих шежіресіне айналды. Ауданы 37,3 км 2 ұзындығы 37,0 км, ені 1,6 км орташа тереңдігі 8,5 м.(ең терең жері 21 м). Жағасының ұзындығы 76,0 км. Су жиналуының алқабы 12500 км. Жер бөгенінің ұзындығы 600 м. жоғары, биіктігі 25 м. шамасында, деңгейі 378м, су қоймасының көлемі-319 млн3,ауданы 35,5 км2. 1961-1965 жылдары бөген жүйесі кеңейтіліп,су көлемі 319 млн. м3-ке жеткізілді.
Жағасы ұзынша кей жері тар табиғи каньон сияқты келеді.Кеңгір су қоймасы Кеңгір өзен суының атмосфералық жауын-шашынымен қоректенеді. Кеңгір су қоймасының гидрохимиялық өзгешелігі үлкен минералдығымен ерекшеленеді. Судың минералдығы қысқы уақытта айкын байқалады.Қойманың суы түщы , қатты, әлсіз сусымалы. Оның суының құрамы натрий тобында,сульфат класына жатады. Бетнос. Су қоймасыныңда бентостың 66 түрі кездеседі. Мұнда сүлік,моллюскалар, шегірткенің личинкасы т.б. бар. Ихтифауна. Судың жоғарғы жағында бұталар өседі. Кеңгір су қоймасында балықтың 15- тен астам түрі бар. Жезқазған кен-металлургия комбинаты сияқты кәсіпорындары техникалық сумен қамтамасыз етеді. Қала маңындағы бау-бақшалар суарылады. Су қоймасының жағалауы демалуға қолайлы болып табылады.
Заманында Үлкен Жезқазған өндірісін ашу, болашақ қаланың қазығын қағу туралы келелі іске де осы өңірдегі су көзінің тапшылығы кедергі келтіріп, қазақтың аймаңдай ұлы, айтулы ғалым Қаныш Имантайұлы Кеңес одағы дөкейлерінің алдында өз ұсынысын дәлелдеп, үлкен бөген салу арқылы қыруар су жинай алатын осы қойманың жобасы дүниеге келген еді. Аумағына 319 млн. текше метр су қорын сыйғыза алатын ауқымды гидроқұрылыс 1952 жылы аяқталып, 1954 жылдың көктемінде оның арнасы тиісті деңгейге дейін толтырылған күн бүгінде тарих шежіресіне айналды. Кеңгір айдыны жарқырай толқынданып, оның жағасына орнаған Үлкен Жезқазған 58 жыл бұрын қала мәртебесін алғаны да ел есінде. Сол уақытта болашақ қаланың өркен жаюын ойша шолып өткен Қанекең көпшілік қауымға: «Бұл су қоймасы қазіргі жағдайға жеткілікті, болашақта Жезқазғанға Ертіс — Қарағанды каналы келеді» деген көрінеді. Сонымен қатар, академик Қ.Сәтбаев халықты ауызсумен түпкілікті қамтамасыз ету үшін гидрогеологтардың назарын маңайдан жерасты суын жан-жақты іздестіре білуге аударды. Одақ мамандарының анықтауымен айқындалған тұщы су көздері де жоқ емес-тін. Солардың бірі қаладан алпыс шақырымдай жердегі Үйтас-Айдос суын пайдалану қолға алынды. Бұл қондырғы кешенінің құрылысы 1966 жылы толықтай аяқталып, қаланы ауызсумен қамтамасыз ету осы Үйтас-Айдостың еншісіне тиген болатын.Алайда, жылына 35 млн. текше метр су бере алатын Үйтас-Айдос көп жылдардан бері қаланың суға деген сұранысының 40-50% ғана өтеп келеді. Сұраныстың қалған бөлігі Кеңгір ашық су қоймасының суын араластырып беру арқылы өтеледі. Бұл сулар гидроцехтың тазарту қондырғысы арқылы өтіп, тиісті стандарт талаптарына сай келтірілген соң беріледі.
Кеңгір-су қоймасы Болжам Келешекте кеңгір су қоймасы әбден жойылуы мүмкін.Себебі қала тұрғындары Кеңгір су қомасын таза ұсамауда.Көп жерлерінде қоқыстар мен лашықтар.Бірақ Жезқазған қаласының тұрғындары Кеңгір су қоймасын таза ұстап,қоқыстар мен лашықтарды әр жеті сайын тазалап,көп көңіл бөлсе, Кеңгір су қоймасының суы молайып, тазарып,әбден жақсарады.Бұл өзіміздің келешек болашағымыз үшін зор пайдасын тигізеді. Кеңгір өзені Кеңгір – Сарысу өзені алабында, Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы өзен. Арғанаты тауынан (600 – 650 м) бастау алады. Ұзындығы 295 км, су жиналатын алабының ауданы 18400 км². Өзен арнасында Кеңгір бөгені салынған, бөгет тұсындағы су жиналатын алабының аумағы 12500 км². Өзеннің 100-ден аса салалары бар, оның 82-сінің ұзындығы 10 км-ден қысқа. Ең ірі салалары: Сарыкеңгір, Жыланды, Қарағанды өзендері. Кеңгір бөгенінен төменіректе Жезді өзеніне құяды. Көпжылдық орташа су өтімі (Жезқазған қ. тұсында) 6,7 – 7,0 м³/с. Суы Жезқазған өндіріс кешенін сумен қамтамасыз етуге, егін суаруға пайдаланылады. Алабы – мал жайылымы.
Кенгирское водохранилище — одно из водохранилищ Казахстана, его длина — 33 км, ширина — 1,6 км.
Кенгирское водохранилище расположено на территории Улытауского района Карагандинской области, на его южном побережье раскинулся город Жезказган. Водохранилище образовано в 1952 году. Площадь — 37 км², объём — 0,319 км³. Оно осуществляет многолетнее регулирование стока. Используется для энергетики и ирригации.
Строительство водохранилища началось в 1940 году, через год было приостановлено из-за войны, в 1946 году возобновилось. Водохранилище было построено в 1952 году и наполнено спустя два года. Проектная ёмкость водохранилища была 120 млн м³, после начала строительства была увеличена до 173 млн м³. Проектный уровень — 373 метра.
Ақпарат айдынында
2.Ештанаев Ғ. Ұлттық рухты бекем етудегі өлке тарихын танудың маңызые тарихын танудың маңызы : "Кеңгір" атауы жайлы көңілдегі ой // Сарыарқа, 2012. - 5 қыркүйек(№37).- 6 б.
5.Рахұлы, А. Өндірісті өлкенің өмір нәрі// Сарыарқа, 2019. - 18 қаңтар.- 1,8 б.
6.Рахұлы, А. Кербез Кеңгір жағасында// Мысты өңір, 2013. - 6 қыркүйек(№35).-5 б.
10. Рахұлы, А. Суға сұрау салынды : Су мәселесі // Сарыарқа.- 2020. - 13 қараша.- 1 б.
КЕҢГІР СУ ҚОЙМАСЫ ЦИФРЛАНҒАН КІТАПТАР ТІЗІМІ
КЕҢГІР СУ ҚОЙМАСЫ ЖАЙЛЫ ҚАЖЕТТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Қазақ тілінде:
https://saryarka.webpress.kz/storage/8f/8fb0bb46b066d7d58b3097791d8e1488.pdf
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D2%A3%D0%B3%D1%96%D1%80_%D1%81%D1%83%D1%8B
http://jasqazaq.kz/wp-content/uploads/2019/05/pdf-22-2019.pdf
https://stud.kz/referat/show/36494
https://jezkazgan.gov.kz/kz/news/9836.htm
https://jezkazgan.gov.kz/kz/news/3078.html
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/310589-zhez-az-an-auyz-su
https://stud.kz/referat/show/53586
http://zhezmuzey.kz/kz/n-a/zhez-az-an
ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ О КЕНГИРСКОМ ВОДОХРАНИЛИЩЕ
На русском языке:
https://www.caravan.kz/gazeta/istoriya-kengirskogo-vosstaniya-73429/
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/redkih-kudryavyih-pelikanov-snyali-video-kengirskom-366992/
ВИДЕОССЫЛКИ ПО МАТЕРИАЛУ
Қазақ тілінде:
https://www.youtube.com/watch?v=7obF7zj033s
http://newsvideo.su/video/8087866
На русском:
https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/redkih-kudryavyih-pelikanov-snyali-video-kengirskom-366992/
https://24.kz/ru/news/social/item/211988-zhiteli-zhezkazgana-zhaluyutsya-na-kachestvo-pitevoj-vody
http://www.zhezmuzey.kz/arxiv/vistavki/dos5.htm
https://www.youtube.com/watch?v=_i7PhDSQPDE
ФОТОГАЛЕРЕЯ КЕНГИРСКОГО ВОДОХРАНИЛИЩА