top of page
WhatsApp Image 2024-10-02 at 16.20.17 (1).jpeg

Құрметті оқырман!!!

 

  Биыл қазақ кеңес әдебиетінің ірге тасын қалаушы, тамаша ақын, прозашы, драматург, сыншы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толып отыр. Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын - жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Сол тұлғалардың бірі де, бірегейі Сәкен Сейфуллин.

       

Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл мерейтойына арналған "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары" атты ақпараттық сайтын назарларыңызға ұсынамыз.

Мақсаты:

Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Ақпараттық сайтты дайындаған: Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы"КММ-нің кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі.

Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы

Есенберлин көшесі 9 "а", Жезқазған

8(7102)711115

87057634251

  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube

Әлеуметтік желілер

bottom of page