top of page

4 бөлім. Жүректе қалған ұлы есім

Сәкен тірі!

Қазақтай елі барда,

«Өлді» деудің, айтыңдар, жөні бар ма?!

Ол көнбейді, ешқашан еңкеймейді,

Түскен де емес қысыр дау, бөрі лаңға!

Темірше Сарыбаев

20170709115208944.JPG
20170709115209701.JPG

Сәкен Сейфуллин мұражайы

Сейфуллин мұражайы, 1988 жылы 21 ақпанда Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) облыстық өлкетану музейінің бір бөлімі ретінде ашылған.


Мұражай Есілдің оң жағалауында, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының көне қапталында С.Сейфуллин мен М.Әуезов көшелерінің қиылысында, ағаштан салынған ескі үйде орын тепкен.

Мұражай жанына ақынның ескерткіші орнатылған. Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен, мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас. Сейфуллин мұражайында кіре беріс зал есігіне қарама-қарсы қабырғаға кеңестік қуғын-сүргін құрбандарына арнап тоқылған кілем-гобелен ілінген. Қабырғаны тұтастай алып тұрған бірегей полотноның орта тұсында Сәкеннің гипстен жасалған бедерлі бейнесі, етегінде гүл шоғыры бейнеленген. Кіре берістегі оң қанатта “Сәкен мен Ақмола” аталатын фотокөрме бүгінгі Астана өмірімен астасып, Елорданың ертеңгі болашағынан елес береді. Сәкеннің туған жері — Қарашілік көрінісі, әке-шешесінің бейнелері, жастық шағы өткен, оқыған, білім алған елді мекендердің, Қараөткел мен Ақмоланың сол тұстағы көріністері бедерленген. Мұражайдағы мұрағат, құжаттар мен Сәкеннің қолжазбалары, тұтынған сиясауыты, қаламсаптары, кітаптар мен газет-журналдар, т.б. құнды жәдігерлер 6 залда көрініс тапқан. Солардың ішінде кезіндегі мемлекет басшысы Л.Мирзоян сыйға тартқан жазу машинкасы ерекше көзге түседі. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің көзі тірісінде жарық көрген кітаптар топтамасы, фотосуреттері мұражай төрінен орын тепкен. Мұражайда Сәкен төңірегіндегі тұлғаларға қатысты құжаттар мен жәдігерлер жиынтығы топтастырылған. Б.Майлин, І.Жансүгіров, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, т.б. қаламгерлерге байланысты деректер тізбегін, Ақан серіБіржан салБалуан Шолақүкілі Ыбырай, Қажымұқанға қатысты мағлұматтарды табуға болады. Ақын Ш.Иманбаева мен башқұрт жазушысы Ғ.Шәріповаға қатысты, орыс жазушысы, қуғын-сүргін құрбаны Г.Серебрякованың Сәкенге қатысты деректері мұражай қорында сақтаулы. Мұражайда Сәкеннің өмірі мен шығармаларын зерттеген ғалымдардың еңбектері де жинақталған.

Мұражай қорында бүгінгі таңда алты мыңға жуық жәдігер бар. 
 

ZHanaarka-1.jpg

Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ҰОС ардагері, тарих мұғалімі болған Д. Ізтөлеуовтың бастамасымен және сол кісінің жеке еңбегімен  1960 жылдардан бастап аудан тарихынан жәдігерлер жинала бастады. Алайда  музей 1984 жылы ресми түрде ашылды.

405px-Карагандинский_областной_казахский

Сәкен Сейфуллин атындағы драма театры - Қарағандыдағы Халықтар достығы орденді қазақ мемлекеттік драма театры 


1932 ж. құрылған (1936 жылға дейін жұмысшы жастар театры; 1936 жылдан облыстық қазақ драма театры; 1939 жылдан облыстық музыка драма театры: 1951- 1964 ж. облыстық біріккен қазақ және орыс драма театры: 1964 жылдан қазіргі атымен аталады). 1932 ж. А .Шаниннің «Зәуре» атты пьесасы бойынша қойылған спектакльдің премьерасымен ашылды. 1936 ж. шығармашылық ұжымның калыптасуында аса маңызды оқиға болды. Театр облыстық театр статусын алып, кәсіптік ұжымға айналды. Ұжым ұлттық драматургияны (Б. Майлиннің «Майданын», С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарларын», І.Жансүгіровтын «Кегін») игерумен қатар орыс және шетел классиктерінің пьесалары бойынша (Д. Фурмановтың «Чапаевын», Н.В. Гогольдің «Ревизорын», К. Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші») спектакльдер қойды. Қазақ фольклорлық шығармаларының тақырыбына жазылған Ғ.М.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан» спектакльдерінің сахналық шешімі мен қойылымы елеулі оқиға болды. 1938-1940 ж. театр сахнасында алғашқы опералық спектакльдер «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» (Е. Брусиловский) қойылды.

Сакен-Сейфуллин.jpeg

   Жезқазған қаласындағы Сәкен Сейфуллин ескерткіші

    Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Жезқазған қаласында қоғам қайраткері, сұңқар ақын Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші жаңадан бой көтерді. Осыған дейін 1994 жылы С.Сейфуллин ескерткіші қаланың ортасында қойылғанмен оның сынға ұшыраған болатын. Қала әкімі белгілі саясаткер Б.Әбдіғалиұлы қаланы дамытудың 20 бағдарламасы аясында ескі ескерткіштің орынына ақынның нағыз бейнесін ашатын жаңа ескерткіш орнату идеасын ұсынған болатын. Енді міне Жезқазған қаласының құрылған күніне орайластырылып, өр Сәкеннің қоладан құйылған еңселі ескертікші қаланың қақ ортасынан бой көтерді. Қала әкімінің басшылығымен осы ескерткішті жасау жайында алдымен қаламызда арнайы комиссия құрылып, Сәкен Сейфуллинге орнатылатын ескерткіштің ең үздік жобасына арналған республикалық ашық конкурс өткізудің тәртібі жарияланған болатын. Осы конкурста республикалық «ҚазАртСистем» ЖШС жеңімпаз атанды. Жалпы бұл ескерткішті Астана қаласында жасады. Идеяның авторы ҚР Мәдениет қайраткері, профессор, мүсінші –Бақытжан Әбішев. Ескерткіштің биіктігі 7,5 метр. материалы таза қоладан құйылды, тұғыры мрамор тастан. Тұғырының ені – 4 метр.

    Автор Сәкен Сейфуллиннің  ақындық келбетін және басқа да қыр-сырын толыққанды аша білген. Ескерткіштің ауқымдық құрылымы мен физикалық өлшемдері Арқаның ауа-райына сәйкестігі бір жан-жақты қарастырылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына алыс-жақынан елімізге белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері және ақынның туысқандары, жақындары қатысты.

   Ескерткіш «Ғарышкерлер» бақжолы «Сарыарқа» мәдени-сауықтыру кешені алдына орналастырылды.

29_big.jpg

   "Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі"КММ

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана

1973 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советінің 1973 жылғы 23 сәуірдегі №228 қаулысына сәйкес, 1 тамыздан бастап, облыстық әмбебап кітапханасы 11 штатпен құрылды. 1994 жылы Жезқазған облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің аты кітапханаға берілді.

1997 жылы Жезқазған облысының жабылуына байланысты Қарағанды облысының әкімшілігі мәдениет басқармасының 1997 жылы 9 маусым айындағы № 35 бұйрығына сәйкес, 25 штатпен С.Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы болып қайта құрылды.

2010 жылы Халқымыздың ардақты азаматы Алаш арысы, қоғам қайраткері ақын С.Сейфуллиннің атымен аталатын кітапхана алдына Сарыарқа мәдени-сауықтыру мекемесінің алдындағы мүсін әкеліп қойылды.

bibleatasuganaarka.jpg

Жаңаарқа ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана

шет сс китапхана.jpg

Шет ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана

Кітапхана 1973 жылы құрылып , жұмыс істей бастаған.1974 жылы Ақадыр аудандық кітапханасы  мәртебесін алды. Ал, 1980 жылы аудан көлеміндегі кітапханалар орталықтандырылып, Ақадыр  аудананың орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жұмыс істей бастады.

1997 жылы Ақадыр ауданының таралуына байланысты Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ақадыр ауылдық кітапханасы болып құрылды.

1998 жылы шілде айында Ақадыр кенттік кітапханасына  дауылпаз ақын С.Сейфуллин есімі берілді.

Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арналған марка сериялары

bottom of page