top of page
LgpUcfuAaUI.jpg

Cенің шығарман миллиондаған қазақ еңбекшілеріне арналған еді, еңбекшілер жұртшылығы сен сияқты пролетариат жазушысын тани алды. Сенің шығармаң миллионның қазынасы болды. Саған еліктеп мыңдаған жастар да шықты.

                                                                             

 Бейімбет Майлин

gafur-gulyam_0.jpg

Сәкен Сейфуллин шығармалары өзінің идеялық – көркемдік құнын еш уақытта жоғалтпақ емес. Одан дүйім оқушы рухани азық алады, қаламгерлер не туралы, қалай жазу керек екендігін үйренеді. Міне, Сәкен Сейфуллин творчествосы сол үшін де баршамызға қымбат.

                                                                                                     

   Ғафур  Ғұлам

a097833691e6b30d9774d17bbd5f6b22.jpg

          Өзіңіздей халық ұлдарымен қол ұстаса, елді бастай ілгері кеткен Сәкенді біз бүгін бағалағанда алдымен қазақ әдебиетінің атасы дейміз. Атадан бала аса береді. Бізден де асып жатыр. Бірақ, қанша асса да, Сәкендей арнадан асқан қайсысы бар? Сондықтан Сәкен қазақ әдебиетінің тарихында белгілі биік бәйтеректердің бірі болып қалып қояды. Сондықтан оған біз түгіл, бізден кейінгі ұрпақтар да бас иеді, оның сонынан салған жолын кеңейте береді.

                                                                                     

 Ғабиден Мұстафин

Gabit 6.jpg

          Сейфуллин – жаңашыл ақын. Қазақтың өлең құрастыруы тәсілінің ескі шеңберінен шығып, жаңа арнаға түскен оның поэмасы ерекше шарықтады. Қазақтың ұлттық поэмасында ол Маяковский дәстүрлерін тұңғыш қолданды. Бұған оның «Экспресс» поэмасы дәлел бола алады.

                                                                                           

 Ғабит Мүсірепов

article_2.jpg

         Сәкен – туған халқының ер ақыны, далада туған революция дауылпазы.

                                                                                     

 Серік Қирабаев

57eb1ccd-ba91-11e7-9c36-e41f13be1b44.jpg

          Мен Сәкен Сейфуллинді осы Қазақстанның кішкентай бір бөлігі деп ұқтым. Және жан – тәні түгелдей өз халқы мен еліне арналған үлкен азамат екенін ұқтым.

                                                                                     

 Галина Серебрякова

мухтар_ауэзов_фото.jpg

Сәкен ақындығының екінші зор қасиеті – шыншылдығы. Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын, ашық. Тұтас бітімді, жоталы тұлғадан туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Белгілі шығармаларынан өлеңін, әңгімесін, поэмасын алсақ – барлығында да сүюі мен ашуы, ызғарлығы мен назарлығы, үміті мен күдігі барынша шын сезімнің толқыны мол білінеді. Сонысымен әсерлі де күшті боп шыға алады. Өз ішінде тұрған көңіл күйін оқушыға жеткізіп, қондырып, ұқтыра алады.

                                                                                      

Мұхтар Әуезов

Esenjanov.jpg

Ақын – ұлттық ой көркі, тіл көркі. Рухани азықтандырушысы. Сондықтан, революционер және ақын Сәкен – қазақ халқының бетке ұстары.

                                                                           

 Хамзе Есенжанов

сырбай мауленов.jpg

«Өлімге жан екенсің қия алмайтын, Өлеңнің құшағына сыя алмайтын. «Қазақты көргің келсе, міне, осы деп» деп, Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын».

 

Сырбай Мәуленов

жансугуров.jpg

«Жырламасқа теңіздей, Қуаныштың шегі жоқ. Ардақталған өзіңдей, Қазақта ақын тегі жоқ».

 

Ілияс Жансүгіров

Сабит_Муканов.jpg

Сендер мені осы уақытқа шейін қазақ кеңес әдебиетінің бастаушысы деп білдіңдер. Енді шындықты біле жүріңдер, сол әдебиеттің негізін қалаушы, алғашқы туын көтеруші – Сәкен Сейфуллин. Сондықтан мен көптің бірімін, ал Сәкен – қазақ совет әдебиетінің атасы.

 

Сәбит Мұқанов

ермеков.jpg

Сәкеңді қызылдар жағында, ал біздерді «орда» жағында болды демесеңдер, Сәкен бізден гөрі әлдеқайда ұлтшыл еді.

 

Әлімхан Ермеков

айтулы.jpg

«…Сәкен – қасиетті де қасіретті, саналы ғұмыры сан алуан күреспен өткен күрделі әрі трагедиялық тұлға. Сәкенді түсіну үшін алдымен өзіңе, туған халқыңның басынан өткен тауқыметті тағдырға терең үңілуің керек. Сонда ғана ақынның шынайы азаматтық бейнесін айқын танып, ұлт үшін торғайдай шырылдаған жан дүниесін еркін сезіне аласың».

Несіпбек Айтұлы

Аяулы досым Сәкеннің туған елі қазір қандай ғажап. Қазақ даласының гүлжазира әсем көрінісі, адамдардың шат – шадыман жарқын өмірі Сәкен Сейфуллиннің асыл арманының жүзеге асқанын дәлелдейді.

                                                                                     

 Захар Катченко

bottom of page