top of page

1 бөлім. Сырлы да сырбаз Сәкен

«Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас күрескер. Сәкен – өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Сәкен – тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлы да сазды әндер шығарған талантты композитор». 

 

Нұрсұлтан Назарбаев

2.jpeg

83.3(5Қаз)    

С 28         

Сәкен Сейфуллин [Мәтін]: Энциклопедия. - Алматы : Темірқазық, 2010. - 640 б. 

   Энциклопедия  қазақтың классик ақыны, ірі қоғам қайраткері , жалынды жазушы, дарынды драматург Садуақас (Сәкен) Сейфоллаұлы Сейфулліннің (1894-1938) өмірі мен шығармашылығына, қоғамдық істеріне арналған.  Ақынның өскен ортасы, ұланғайыр  көркем мол мұрасы, дүниетанымы, өзіндік ұстанымы мен қалдырған өнер туындыларының  эстетикалық  салмағы, поэтикалық  әлемі, қоғамдық –саяси ой-пікірлері , тарихи тұлға тағылымының  үлгі-өнегесі жан-жақты сөз болады.  

Рисунок (32).jpg

92

Қ 18

Сейфуллин Сәкен//Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Б.Аяған..- Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005.- 635-636 б.

Энциклопедияның 635-636 беттер аралығында Сәкен Сейфуллин жайлы мәліметтер келтірілген.

Рисунок (33).jpg

83.3

Қ 17

Сәкентану//Сейфуллин Сәкен//Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна LTD» ЖШС, 2005.- 462 б., 468-470 б.

Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалығының 462 бетінен Сәкентану,468-470 беттерінен Сәкен Сейфуллин жайлы ақпарат ала аласыздар.

1.jpg

83.3

Қ 18

Сәкен Сейфуллин//«Қазақстан жазушылары: XXғасыр». Анықтамалық.- Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004.- 278 бет

Әдебиетіміздің ұлы тұлғасы Абайдан бастап күні бүгінгі жас қаламгерлерімізді түгел қамтитын «Қазақстан жазушылары:XX ғасыр» атты анықтамалық тұңғыш рет дайындалып отыр. Бұған жазушылар мен ақындар, драматургтер, аудармашылар, сыншылар мен әдебиет зерттеушілері жайлы қысқаша өмірбаяндық және шығармашылық мәліметтер жинақталды.

Рисунок (30).jpg

83.3

К 24

Кәкішев Т.Сәкен Сейфуллин.-Алматы: «Жалын» баспасы,1976.-320 бет.-

«Өнегелі өмір»

Филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің бұл кітабына өзек болған Сәкен Сейфуллиннің өмірі.Революция дауылпазы, жалынды большевик, қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушы азамат ақын Сәкеннің қат - қабат оқиғаларға толы жастық шағы, от кешкен күрес жылдары, творчестволық кемелдену кезеңі, ақындық сезім сырлары кімді де, болса енжар қалдырмасы хақ. Шығарма авторы дәл осы мәселені үлкен тебіреніспен толғайды. Алғы буын аға жолын  бүгінгі жас ұрпаққа үлгі ете баяндайды. 

    Автордың бұл кітабы 1972 жылы Москваның "Молодая гвардия" баспасының "Жизнь замечательных людей" сериясында тұңғыш басылып шығып, жалпы оқушы жұртшылықтан, әдеби - ғылыми қауымнан көтеріңкі бағасын алған туынды.

Рисунок (29).jpg

83.3

К 24

Кәкішұлы Т.,Садыққызы К. «Тар жол тайғақ кешудің» тағдыры: Көмекші оқу құралы.-Алматы, «Санат»,1997.- 224 бет.

Кітап Сәкен Сейфуллиннің (1894-1938) атақты «Тар жол тайғақ кешу» романын жаңа көзқараспен зерттеуге арналған. Авторлар мемуардың 1927 жылдан кейін жарық көрген басылымдарын салыстырып, тың ойлар, соңы тұжырымдар айтады, оқырманға беймәлім архив деректерін, қаламгердің өмірі жөнінде жаңа мәліметтер баяндайды.       

Кітапты мұғалімдер, студенттер, жоғары сынып оқушылары көмекші оқу құралы ретінде пайдалана алады.

Рисунок (28).jpg

84(5Қаз)

К 24

Кәкішұлы Т. Сәкен аялаған арулар.

Эссе мен толғамдар.- Алматы:

Атамұра,2003.- 312 б

Сәкен жөнінде жарты ғасырдан бері талмай ізденіп, он шақты кітап шығарған профессор Тұрсынбек Кәкішұлының 1997 жылы жарық көрген «Сәкен акялаған арулар»атты эссе-кітабы бұл топтамада ақынның пенделік сипатын, азаматтық келбетін кеңінен ашатын мазмұны терең толғамдармен толықтырылды. Кітаптың оқырман қауымға берер ғибраты аса мол.

9.jpg

84(5Қаз)

К 24   

Кәкішев Т. Шығармалары.Т.1 [Мәтін]/Т. Кәкішев.-Алматы: Ана тiлi, 2007. - 336 б.    

Бұл кітапта белгілі ғалым-әдебиетші, филология ғылымының докторы Тұрсынбек Кәкішовтің қазақ әдебиетінің белгілі тұлғалары жайлы әдеби сын тұрғысындағы өзіндік көзқараспен жазылған еңбектері беріліп отыр.

Кітап әдебиетті сүйетін, қазақ қаламгерлерінің шығармаларына ықыласы мол қалың оқушы қауымға арналады.

Қаныш 6.jpg

84(5Қаз)                               

К 24    

Кәкішев, Т. Ескірмейді естелік [Мәтін]/

Т.Кәкішев. - Алматы : Жазушы, 1994. - 432 б.            

Қазақ совет  әдебиетінің негізін қалаушы революционер ақынның жары Гүлбаһрам Батырбекқызы Сейфуллина, ақынның жан досы Қаскей Өтекин, орыстың атақты жазушысы Гаина Серебряковамен әңгіме сыр-сұхбат – «Сәкеннің сәулесі» бөліміне арқау болған. Келесі бөлімде автор қазақ мәдениетінің алып тұлғаларын, ірі өкілдерін еске алып, көзкөрген қимас сәттер қалдырған өшпес сезімін алға тартады .

Рисунок (35).jpg

84(5Қаз)

Ә 21

Әбішев Ә. Сәкеннің аманаты: Пьесалар жинағы.- Алматы: Өнер, 1990.-288 б.

Халық жазушысы, көрнекті драматург Ә.Әбішевтің бұл жинағына мұнан ширек ғасыр бұрын жазылғанымен, бүгінгі таңда – қайта құру кезеңінде ғана жариялануға мүмкіндік алып отырған «Сәкеннің аманаты» атты пьесасы еніп отыр. Сонымен қатар автордың «Мәдидің шайқасы», «Ажалсыз адам», «Әйдік адамдар», «Армысың, менің арманым» сияқты тағы басқа туындылары  топтастырылып берілген.

12.jpg

83.3(5Қаз)

С 28

Сәтбаева Ш.Қ «Уақыт шуағы. Шакарим Кудайбердиев»Бес томдық шығармалар жинағы. V том. Қазақ және орыс тілдерінде. /Б.Мамраев/ - Астана: Елорда, 2013. 479 бет 

 

Белгілі әдебиетанушы–ғалым Шәмшиябану Сәтбаеваның бұл кітабына әр жылдарда баспасөз бетінде жарық көрген әдебиет тарихы мен теориясының келелі мәселелелерін қарастырған мақалалары мен зерттеулері енді. Солардың бірі 5-20 беттерде қамтылған «С.Сейфуллин – жұмысшы табының жыршысы» атты жинағында жұмысшы табын суреттеу тәжірибесі кейінірек проза саласында көлемді шығарма жазуына негіз болды.

Еңбек әдебиет зерттеулеріне, студенттерге, көпшілік оқырмандарға арналған.

Рисунок (31).jpg

83.3(5Қаз)

К 24

Кәкен А. Сәкен Сейфуллин.- Астана: Фолиант, 2009.- 384 б.

Бұл кітапта қазақтың аса көрнекті ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығының кейбір беймәлім тұстары сөз болады. Қайраткер Сәкенді заман қайшылығы бедерінде тұтас тануға қол жеткізілген.Сыр бұғып жатқан құжаттармен таныса келе сіз ақын тұлғасын жаңа қырынан көргендей боласыз. Автор 20-30-шы жылдардың өзекті оқиғаларына (Алаш, айтыс-тартыс,ұлт мәселесі, большевизм, репрессия т.б) деген Сәкен көзқарасын, ұстанымын нақты деректермен тұжырымдайды.

3.jpeg

83.3(5Қаз)

І-89

Ісімақова А. "Алаш әдебиеттануы"/ Ісімақова А.- Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2017.-477 б.

Әдебиеттанушы Айгүл Мұхамедсерікқызы Ісімақованың бұл еңбегі- XX ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған. Онда қазақтың асыл сөзін қастерлеген ата-баба мұралары қашаннан басталатындығы, Алаш әдебиеттану ұғымының қалай қалыптасқандығы жөнінде туындайтын сауалдарға жауап беріледі.Сонымен қатар кітапта Алаш ғалымдарының жалпы ғылымға қандай үлес қосқандығы, Алаш ғылыми мұрасының несімен құнды болатындығы, жан - жақты талданады.

Кітаптың 320-337 беттерінде Сәкен Сейфуллиннің әдебиеттанулық еңбектері, сәкентанушылардың пікірлері,қысқаша өмірбаяны жайында баяндалады. 

Монография жоғары және орта мектеп мұғалімдеріне, әдебиет саласындағы барлық мамандарға, ұлттық әдебиет пен тарихты сүйетін жалпы оқырман қауымға арналған.

13.jpg

83.3(5Қаз)

І-89

Ісімақова А. Тәуелсіздік және Алаш ғылымы: Зерттеулер, мақалалар.- Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015.-286 б.

Бұл кітапта Алаш ғалымдары А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, Ж.Досмұхамедұлы, М. Дулатұлы, Х. Досмұхамедұлы, Ж. Аймауытұлы, М.Жұмабай, С.Сәдуақасұлы, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, И.Байзақов, М.О.Әуезов, Қ.Мұханбетханұлының әдебиеттанулық зерттеу еңбектері XXI ғасырдағы әлемдік әдебиеттану контектісінде жаңаша қарастырылған.

Кітаптың 172-178 беттеріндегі Тәуелсіздік сұңқары Сәкеннің  «асаумен алысып жүріп» қалдырған мұрасының бүгінгі қажеттілігі атты мақаласын оқи аласыздар.

Аталған ғалымдардың әдебие зерттеулері Тәуелсіз кездегі қазақ ғылымына қажет екені айқын, сондықтан бұл кітап алаштанушылар мен көпшілік оқырманға арналған.

Бұл зерттеуді қазіргі қазақ тілі мен әдебиетін, теориясын тереңдете оқытатын мектептерде, жоғарға оқу орындарындағы филология және журналистика факультеттерінде арнаулы курстар мен семинарларда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Рисунок (37).jpg

84(5 Қаз)

Б 40

Бекхожин Қ. Шығармалар жинағы.-Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- Т 2.384 б.

Ақынның шығармалар жинағының 2-ші томында революционер, ақын Сәкен Сейфуллинге арналған "Сұңқар туралы аңыз"атты өлеңін 196-211 беттерінен оқи аласыздар.

Рисунок (41).jpg

82.3(5Қаз)

Ү 92

Үш алып.- Алматы: «Ана тілі» ЖШС,2007.-

"Үш алып" кітабының 3-84 беттер аралығында Сәкен Сейфуллиннің "Бурабай" , "Жеке батыр", "Оқжетпес", "Жұмбақтас", "Көкшетау-күй", "Көкшетау" атты өлеңдері мен поэмаларын оқи аласыздар.

Рисунок (38).jpg

84(5Қаз)

Т 53

Тоқмағанбетов А. / Төрт томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, Т.2. Поэмалар. 1983.-344 бет

Кітаптың 286-314 беттер аралығына С.Сейфуллиннің тағдыры жайлы деректер оқи аласыздар.

Рисунок (36).jpg

84

Т 28

Тәжібаев Ә. Үш томдық шығармалар жинағы: Поэмалар мен драмалар/ Әбділдә Тәжібаев.- Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2009.Т.3.- 272 б.

Әбділдә Тәжібайұлы тамаша лирик болумен бірге заманның Қаныш, Мұхтар, Сүйімбай, Жамбыл, Сәкен сынды тарихи тұлғаларын поэма, поэтикалық драмаларында сахнаға бейімдеп, жырлаған тегеурінді ақын. Сонымен қатар бірсыпыра драмалық туындылар берген кәнігі драматург. Қаламгердің үш томдық шығармалар жинағының үшінші томына ақынның поэмалары, драмалық поэмалары, соның ішінде «Монологтар» сахналық поэмасы, драмалары іріктеліп берілген. Ақын мен уақыт арасындағы тартысты айтыс түрінде.

Рисунок (39).jpg

84(5Қаз)

М 45

Менің Қазақстаным: Орыс ақындарының өлеңдері/ Құраст. Б. Ысқақов.- Алматы: Жазушы, 1989.-200 бет.

 

Алпыстан аса орыс ақыны қатысып отырған аталмыш жыр жинағы мәуелі бәйтеректей ұлы Совет елінің бір тармағы – Қазақстан жерінің табиғаты, байлығы, өркендеген экономикасы мен мәдениеті, күллі елдің мақтанышына айналған ұл-қыздары, басты принциптердің бірі – интернационалдық достық пен бауырластық туралы сыр шертеді.

А. Брагиннің  Сәкен Сейфуллинге арналған өлеңі кітаптың 116-117 беттерінен оқи аласыздар.

Қаныш 6 011.jpg

81.2(5Қаз)        

А 32 

Айтбайұлы, Ө. Тілғұмырлар [Мәтін] /

Ө. Айтбайұлы. - Алматы :

Абзал-Ай, 2014. - 400 бет.

Кітапта қазақ терминологиясының атасы атанған А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов, тіл тарландары І.Кеңесбаев,  М.Балақаев және тіл мәртебесін биікке көтерген көптеген тілші ғалымдардың педагогтік және қоғамдық қызметі туралы жан-жақты баяндалған. Сондай-ақ мұнда өз кезінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындаған С.Сейфуллин, ұлты үшін жаны күйген Ө.Жанібеков, адалдық пен әділеттің жаршысы Н.Ондасынов, өлең сөздің білгірі З.Ахметов және сазгерлер Ш.Қалдаяқов пен І.Жақановтар туралы да көркем эссе тұрғысынан шебер баяндалған.

Еңбек қазақ тілі жанашырларына және жалпы оқырман көпшілікке арналған. Мемлекеттік тіл тағдырына қызығушы мамандар мен жоғарғы оқу орындары филология факультеттерінің студенттері үшін де танымдық мәні бар.

Қаныш 6 009.jpg

83.3(5Қаз)                              

Қ 53    

Қирабаев, С. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1 [Мәтін] / С.Қирабаев. - Алматы : Жазушы, 1991. - 448 бет. 

 

Белгілі әдебиет сыншысы, ғалым, Серік Қирабаевтың екі томдық шығарламалар жинағының бірінші томына өңделіп, толықтырылған «Сәкен Сейфуллин» монографиясы енді.

1.jpeg

83.3

К 18

Камалиева К. Сәкен Сейфуллиннің ағартушылық қызметі.-Алматы:Мектеп, 1983.-96 бет.

Бұл кітапшада Қазақстанда Совет өкіметін орнатушылардың бірі, революционер - ақын Сәкен Сейфуллиннің көп қырлы қызметінің бір саласы - жаңа оқу-ағарту ісінің көрнекті ұйымдастырушысы, педагог-ұстаз ретіндегі еңбегі қарастырылған.Сонымен қатар ақын шығармашылығының оқушы жастар үшін тәрбиелік мәні де арнайы тақырып аясында сөз болады.

Еңбек мұғалімдерге, студенттерге, тәрбиешілерге арналған. 

jj.jpeg

63.3(5Каз)

А 17

Абсаметов М.О. Сакен Сейфуллин – Председатель Совета Народных Комиссаров Казахстана (г.Оренбург, 1922-1924), Астана, «Рухпресс», 2006.- 416 с.

В данном иследовании на основе новых материалов и архивных документов автор раскрывает личность Сакена Сейфуллина в качестве крупного организатора и руководителя народного хозяйства республики. Велика его роль в воссоединении казахских территорий, ликвидации голода 20-х годов, в протесте и осуждении голощекинского геноцида в казахских аулах.

Сакен Сейфуллин был и останется великим  и любимым сыном казахского народа, символом эпохи крушения колониальных империй и возрождения казахской наций. Чем мощнее и величавее будет Казахстан, тем сильнее будет возрастать интерес к образу Сакена. В динамике развития казахского государства слышится ритм стихов Сакена, ритм успешных свершений и новой жизни кочевников Великий Степи.

2.jpeg

83.3

У 51

Умарова Г.С. Шарабасова С.Ғ. Қазақ әдебиетінің тарихы: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007. -244бет

Оқулықта қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі даму бағыты көрсетіліп, қазақ ақын - жазушыларының шығармашылық жолы, қаламгерлік қуаты және туындыларының тарихилығы баян етіледі. 

Сәкен Сейфуллиннің қысқаша өмірбаяны мен шығармашылығы жайында автор 172-ші бетінде тоқталған.

Кітап "Мемлекеттік емес тілдегі қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған.

Мұхамедин Ғ. Әупілдек үнтаспа [Әндер жинағы]// Жезқазған, 2019

bottom of page