top of page

Сәкен Сейфуллин өмірбаяны

image_59e2f337b136b.jpg

Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.

Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет, қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Еркелікті білмейтін, орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрымтайдай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп Нілді зауытына жібереді.Тоғыз жасында ауылдан кетіп, Кенішке келген Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемпірінен бір жыл орысша тіл үйреніп, екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Кешке ата-ана алақанына салған бақытты бала, бүгін кісі есігінде. Кешке кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат ауылда болса, бүгін түтіні аспанға шаншылған зауыт, балғаларды дүрсілдете соғып, көк темірді сағызша илеген ұсталар, есе, теңдік бостандық талап етіп ереуілге шыққан жұмысшылардың арасында. Жеті қат жер астындағы шыңырауға түсіп, көздері ғана жылтырап, шаршап-шалдығып шахтадан шығып келе жатқан кеншілер, сан алуан машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, зерек, есті бала жүрегіне ыза, намыс, кек болып байланды. Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады.

 

Әкесі Сәкенді мұсылманша сауат ашсын деп Бармұхамед молдаға береді. Ауыл молдасынан 3 жыл оқып, тіл сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқып-білетін дәрежеге жетеді. Кейін 1905 жылдан бастап Нілдідегі орыс-қазақ мектебінде оқиды.Содан соң Ақмоланың бастауыш приход мектебіне ауысып, үш класты қалалық училищенің бірінші бөлімін тәмамдайды. Оқып жүріп, шәкірттерге дәріс оқиды.


Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады. 

Сәкен Сейфуллин 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келеді. Ол осы жылдары орыс және Еуропа әдебиетін ден қоя оқиды. Абайды сан қайталап, ауыз әдебиеті мен фольклордан мол хабардар болады. Сөйте жүріп, өлең жазуды машық қылады. Онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған. «Айқап» журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялайды. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді. 1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болады. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын Қазан қаласында басып шығарады. Қазақта ол кезге дейін, Мағжанды айтпағанда, Сәкен сияқты 20 жасында өлең кітабы шыққан ешкім болған емес. Кейін 1916 жылы Сәкен сырттай мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды.

Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады. Көп ұзамай, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады. Оған іле-шала патшаны тақтан түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы алады, қазақ елі бостандық алып, бодандықтан құтылады деп сенеді. Ол дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске бел шешіп араласады. Өршіл ақын, екі тілге бірдей жүйрік жалынды насихатшы, алғыр да жігерлі, оның үстіне тұр-тұрпаты да айта қаларлықтай келісті бұла жігіт тез көзге түсіп, көрнекті тұлғаға айналады. Коммунистік партияның бастауымен халық бостандық альш, кедей-кепшік қалың бұқара теңдікке жетеді, әділдік орнайды деп сенген Сәкен бірден социализмді, кеңес өкіметін жақтап шығады. Ақмолада кеңес өкіметі уақытша құлап, қамауға алынған Сәкен атаман Анненковтің "азап вагонында" көрмегенді көріп, 9 ай дегенде әрең қашып шығады. Кектемгі лайсаңда аш-арық, ауру ақын 500 шақырым жерді жаяу өтіп, еліне келеді, онда тұрақтай алмай, ол кезде кеңес өкіметі орын тепкен Жетісуға келіп, партия, кеңес органдарының жұмысына көмектеседі. Қым-қуыт, дүрбелеңді заман шындығы мен романтикасын көрсеткен "Асығып тез аттандық", "Далада", "Кел, жігіттер", "Сағындым", "Қамаудан", "Біздің жақта", "Қашқынның аулы", "Жас қазақ марсельезасы", т.б. әсерлі өлеңдері мен "Бақыт жолында" драмасы — сол кезең жемісі.

Тар жол, тайғақ кешу, тайталас күресте шынығып, кемелденген азамат ақын 20-жылдардың 1 -жартысында ірі мемлекет қайраткері, үлкен саясаткер ретінде көрінді. 28 жасында Қазақстан үкіметінің басшысы, Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Сонымен қатар өршіл ақын жаңа дәуірді жаңаша жырлаған, қазақ әдебиетіне бұрын болмаған образдар мен түрлер, сөз оралымдарын әкелген шығармашылығымен жаңа бағыттағы әдебиетке көшбасшы болды. Кілең мақтауға ұрынбай, қоғамдық өмірдің көлеңке жақтарын да күйзеле суреттеді. "Ауыл байғұс, мінеки", "Келіншек ойы", "Ақсақ киік", "Сыр сандық", т.б. тамаша жырлары мен "Аққудың айырылуы" атты символикалық көркем поэмасы — осындай дүниелер. Сәкен өз кезінің тақырыбына арналған поэмаларымен қатар, туған жер сұлулығын, аңыздары мен тарихын зор шабытпен әсерлі суреттеген атақты "Көкшетау" дастанын жазды. Қазан төңкерісі тұсындағы аумалы-төкпелі кезең шежіресі іспеттес өмірбаяндық "Тар жол, тайғақ кешу" романы оның црозалық кесек туындысы болып табылады. Өмірінің соңғы он шақты жылында ғылыми-зерттеу, оқытушылық жұмыстарымен айналысты, Қазақстан Жазушылар одағында, газет-журнал редакцияларында алқа мүшесі болды.

Өзі секілді семинария бітірген сол тұстағы қазақтың жас оқығандары сияқты Сәкен де еңбек жолын Сілетті-Бұғылы деген жерде ауыл мұғалімі болудан бастайды. Қазақ даласының астан-кестеңін шығарған 1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіндірген 1917 жылдың алапат толқыны Сәкенге қатты әсер етті. Әр түрлі өлеңдер жазып жүрген тіпті әлі балалық мінезден арылмаған жас ақын ақпан Революциясы болып, патша құлатылғаннан кейін Ақмолаға келеді. Тартыстың бітімсіз күресі аз уақыт ішінде романтик жыршыны тез ширатып, тіпті оның шығарма жазуға қолын да тигізбей, әлеумет қайраткері, саяси күрескер етіп шығарады. Сәкен Сейфуллин түрлі қызметтер атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, дін басыларды ауыздықтау, бұрынғы дәулет, байлық, әкімшілік-билік иелерін тізгіндеу, кедей-кепшік, жұмысшы, жалшыға күш беру, әлеуметтік іске тарту секілді сан алуан саяси шараларды жүзеге асырады. 1917 жылы жазған «Бақыт жолында» драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылады.

Басқа да революционерлермен бірге Сәкен қол-аяғы шынжырланып Колчак түрмесінде отырады, аш-жалаңаш, қорлық-зорлық көріп Анненковтың азап вагонының тауқыметін тартады. Тоғыз айға созылған бұл тамұқ тақсіретінен ер жүрек ақын 1919 жылы наурыз айында Омбы тұтқын лагерінен қашып шығып құтылады. Мыңдаған шақырым жаяу-жалпы, арып-ашып жүріп, ол ақыры Түркістан өтіп, Әулиеата (қазіргі Жамбыл) атырабында Кеңес өкіметін орнату жұмыстарына белсене қатысады.

1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғанда, Сәкен СейфуллинҚазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су Комиссиясының төрағасы, ал ІІІ Кеңестер съезінде, 1922 жылдың қазанында Қазақстан Комиссарлар Кеңесінің төрағасы етіп сайланады. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) мүшесі ретінде КСРО көлемінде шешілетін күрделі саяси, әлеуметтік, шаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады (1922-1925 жылдары). «Еңбекші қазақ» газетінің (қазіргі «Егемен Қазақстан») «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы болған Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес баспасөзінің басында тұрды. 1925-1937 жылдар арасында Жазушылар одағында, басқа да орындарды басшылық қызметтерде бола жүріп, жоғары оқу орындарында ұстаздық етті. Кең құлашты қоғам қайраткері, адал, шыншыл ақын С. Сейфуллиннің даңқы алысқа тарады.

Сәкен қарбалас, аласапыран күндері тынышталып, бейбіт өмір арнасына түскен уақытта негізгі өмірлік мұраты қаламгерлік екенін әбден ұғынады. Барлық қайрат – күшті талант-дарын, жігерді көркем сөзбен туған халқына қызмет етуге жұмсайды. Оның қаламынан туған «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс»(1926), «Тұрмыс толқындары» (1928), «Көкшетау» (1929), «Альбатрос» ()1933 , «Қызыл ат» (1933), «Социалистан» (1927), «Жер қазғандар» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920), драмалары туды. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931),«Батырлар» (1933),«Қазақ әдебиеті» (1932) зерттеу еңбектері – қазақ фольклоры мен әдебиетінің көп материалдарын жүйелеп, озық әдебиеттану принциптері негізінде жазылған, танымдық – тәрбиелік мәні жоғары туындылар. Сазгер ретінде Сәкен Сейфуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты.
1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1937 жылдың 24 қыркүйегінде абақтыға қамалады. КСРО Жоғары сотының көшпелі әскери коллегиясы Алматыда, 1938 жылдың 28 ақпанында 16 сағат 40 минутта оның қылмыстық ісін қарады. Сот істі 20 минуттың ішінде қарап, Сәкен Сейфуллинді ату жазасына кесті. Сәкен қамауға алынысымен оның әкесі Сейфолла ұсталып, КарЛАГ-та атылған. Інісі Мәлік бір түнде жоғалып кетеді, күні бүгінге дейін оның тағдырын ешкім білмейді. Екінші інісі Мәжит тап сол уақытта сүзекпен ауырып, қудалаудан аман қалады. Әкесі Сейфолла репрессияға ұшырады. Жазықсыз жапа шеккен ұлт қайраткерінің есімі 1958 жылы ақталды.

Қазіргі уақытта Сәкен Сейфуллин есімімен көптеген ауыл, елді мекендер, театр, мектеп, кітапхана, көшелер аталады.(толығырақ виртуалды көрменің 4-ші бөлімінде)

Сәкен Сейфуллин 1894 жылдың 15 қазанында Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Сәкен үйінің тұңғышы болады. Табиғатынан дарынды, сұлу бейнесі ішкі жан дүниесіне сай болып өскен өнегелі ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына еркелетіп Сәкен деп атап кеткен. Сәкен анасын жақсы көрген. Шынында да, баласының азамат,ерекше тұлға, ақын болып

қалыптасуына шеше тәрбиесінің ықпалы зор болған. Інісі Мәжиттің сөзіне қарағанда, кейін Сәкеннің өзі: «Мені адам еткен де, ақын еткен де анам ғой», — деп мақтанып жүреді екен. Сәкеннің әкесі Сейфолла саятшы, сал-сері, әнші-күйші болған. Ал анасы оған ел аузындағы батырлар жырын, даналық сөздерді, қызықты әңгіме мен ертегілерді үнемі айтып, құлағына құйып отырған. Сәкен бала кезінде бір айтқанды қағып алатын, тез түсініп, ұғып алғыш, зейін тоқтатқыш тиянақты болып көзге түскен.

slide_4.jpg
slide_4.jpg
6bde72b224151c04c33631309ef3dd76.jpg
bottom of page